Орта салмақта WBA , IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 16 қыркүйекте мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өтетін жекпе-жектің америкалық Дэниэл Джейкобспен өткен кездесуге қарағанда өзгеше болатынын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Головкин спорттық мансабында бірінші рет 12 раундтық кездесу өткізді. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Қазақстандық боксшы «Канеломен» өтетін екпе-жекте мұндай сценарий қайталанбайтынын айтады. Ол Big Drama Show ұйымдастырып, қарсыласын нокаутқа түсіруді жоспарлап отырғанын айтты.
«Джейкобс өте жақсы боксшы. Маған 12 раунд керек болды, себебі мен келесі қарсыласымның мықты боларын білдім. Мен дайынмын. Қазір басқа жағдай. Мен «Канелоны» білемін, ол да мені біледі. «Канело» мен Джейкобстың жұдырықтасу тәсілдері мен стильдері бөлек. Барлығы шынайы әрі қызықты», - дейді ол.
««Канело» бұқа секілді мықты.Ол жас әрі ақылды жігіт. Меніңше, Альварес екеуіміздің жекпе-жегіміз төрешілер шешім шығарғанға дейін жетпейді, себебі біз бір-бірімізді жақсы білеміз. Оның 100 пайызға дайын екенін білемін, бізді нағыз шайқас күтіп тұр. Біздікі нағыз жекпе-жек», - деді Головкин.